ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Алдын ала тексеру актілерін қарау басқармасының сарапшысы, санаты С-5
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Астана қаласы
273761
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басшылық тапсырмаларының сапалы орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде алдын ала тексеру актілерін қарау. Алдын ала актілерді қарау қорытындылары бойынша талдау жүргізу. Алдын ала тексеру актілерін қарау рәсімін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің апелляциялар департаментінің сұрау салулары бойынша тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымданатын мәселелер бойынша ұстанымын ұсыну, сондай-ақ қаралатын мәселелер құзыретіне кіретін бағыттар бойынша үйлестіру. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің тапсырмасы бойынша шағымдарда баяндалған мәселелер бойынша салықтық және кедендік тексерулерді тағайындауды ұйымдастыру. Салық заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау; салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, аумақтық бөлімшелердің өтініштеріне жауаптарды қарау және дайындау; мемлекеттік қызметшінің еңбек тәртібі мен Әдеп кодексін сақтау; мемлекеттік және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
s.seitkanov@kgd.gov.kz
- Астана қ. Жеңіс даңғылы 11, техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)
-
8(7172)709935