Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Берешектермен жұмыс басқармасының (негізгі қызметкері бала күту демалысы мерзіміне 20.02.2027 жылға дейін) бас маманы (негізгі қызметкер мерзімінен бұрын жұмысқа шығуға құқылы)

Мемлекеттік орган

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

«Блок-А»   Берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану бойынша заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілерін және нұсқамалық материалдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын, семинарлар өткізу; Берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бөлігінде берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, ақпараттық жүйені қолдану мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда төменде тұрған салық органдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету; салық төлеушілердің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын, банк шоттары бойынша инкассалық өкімдерді тоқтату туралы автоматты түрде беру бөлігінде екінші деңгейдегі банктермен өзара қарым-қатынас мониторингін жүзеге асыру; берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану мәселелері бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы екінші дәрежелі банктердің және ұйымдардың, салықтық және басқа да мемлекеттік органдардың, салық төлеушілердің сұраулары мен өтініштерін уақытылы және сапалы орындау;  Басқарма құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік, құқық қорғау және басқа да органдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асыру; өз құзыры шегінде Департамент басшысы тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру; салық берешегін, ЖЗҚ-на МЗЖ және әлеуметтік аударымдар  жөнінде қысқарту бойынша аудандық салық басқармаларының қызмет барысына ағымдағы бақылауды жүзеге асыру; Басқарма қызметіне қатысты басқа да функцияларды жүзеге асыру; салық берешегінің, ЖЗҚ-на МЗЖ және әлеуметтік аударымдар  бойынша берешектің ұлғаю себептеріне талдау жасау; аудандық салық басқармалары тапсырған ақпараттарды жинау және талдау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.08.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.08.2024 – 12.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу күні

15.08.2024

Сұхбаттасу орны

Түркістан қаласы Жаңа қала м/а 11 көше 32 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8(725-33) 5-76-78