"ҚР ҚМ МКК Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы" РММ өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

С-R-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

226837

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Функционалды міндеттер

А блогы

Табыс алуға байланысты нақты кірістер мен шығындарды анықтау үшін салық заңнамасының жекелеген мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер және хронометраждық тексерулер жүргізу;Қостанай облысы бойынша ҚКП және СУ-да нұсқамаларды уақтылы тіркеуді, карточкалар мен талондарды тапсыруды жүзеге асыру;басқа бөлімдердің қызметтік жазбаларына сәйкес заңды мекен-жайы бойынша салық төлеушілердің нақты орналасқан жерін тексеру актілерін жүргізу; басқа бөлімдермен түсіндірме әңгімелер жүргізу. салық төлеушілердің салық заңнамасын сақтау мәселелері бойынша; Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне белгіленген есептілік пен ақпаратты ұсыну;
Салық құпиясын сақтау; іс-шаралар өткізу, дара кәсіпкерлердің салық есептілігінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудан алынған кірістердің, жалдамалы жұмыскерлер санының және олардың нақты жалақысының есептілікте ең төменгі жалақы мөлшерін көрсететін ЖК бойынша анық көрсетілуіне. Салық салу объектілеріне тексеру және түгендеу жүргізу, атап айтқанда кәсіпкерлікте пайдаланылатын жылжымайтын мүлікті есепке қою, қайта бағалау жер учаскелерінің атқаратын аумағына сәйкестігі. Көрсетілген кірістерді, жалдамалы жұмыскерлердің санын, мүліктің бағалау құнын, жер учаскелерінің ауданын салыстыру бойынша қызметтің бір үлгідегі түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша талдау жүргізу; мемлекеттік қызметшілердің еңбек және атқарушылық тәртібін, қызметтік әдеп қағидаларын сақтайды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың белгілі болған жағдайлары туралы Департамент басшылығының немесе Құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізілсін. Жеке тұлғалардан бюджетке салықтар мен төлемдердің неғұрлым тиімді, толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету үшін әдістемелік, нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.03.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.03.2024 – 29.03.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Рудный қаласы Парковая көшесі, 14

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71431) 4-73-53