ҚР ҚМ МКК Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық мониторинг басқармасы № 1 камералдық мониторинг бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

С-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)

Функционалды міндеттер

«А» блогы. Салық салу мәселелері бойынша заңнамалық актілерді сақтау, мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бөлім жұмысына байланысты құжаттарды дайындау, іс жүргізудің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына жүргізілетін кешенді тексерулерге қатысу, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты мәселелер бойынша техникалық оқулар жүргізу. №1 бөлім және МКБ жұмысының тиімділігін жетілдіруге бағытталған іс-шараларды анықтау және жүргізу, салық заңнамасын бұзу факторларын жинау, талдау және бағалау бойынша жұмысты ұйымдастырады және салық бұзушылықтарына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар жіберу арқылы тиісті ұсыныстар енгізеді. №1 бөлім қызметкерлерінің бақылау тапсырмаларын уақытылы орындау бөлігінде еңбек және орындаушылық тәртібін бақылауды жүзеге асырады. Төмен тұрған мемлекеттік кірістер басқармаларының тексерулері бойынша бөлімнің перспективалық, ағымдағы және үйлестіру жұмыстарының жоспарларын және нақты тапсырмаларын құрастырады. №1 бөлім мамандарының жұмыс жоспарын, Департамент басшылығының тапсырмалары мен тапсырмаларын іс жүзінде орындау бойынша жұмыстарына басшылық жасайды және бақылауды жүзеге асырады. №1 бөлімнің қызметіне басшылықты жүзеге асырады, бөлім мамандарының лауазымдық міндеттерін белгілейді және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады. № 1 бөлімнің жұмысы бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге қатысады. Аумақтық басқармалардан келіп түскен ұсыныстарды талдайды және қорытындылайды. Камералдық бақылау жұмысын талдау негізінде оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді. Аудандық(қалалық) басқармалардың бөлімдеріне Бөлім құзыретіне жататын мәселелерді шешуде әдістемелік көмек көрсетеді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтардың белгілері анықталған кезде дереу жазбаша түрде адами ресурстар басқармасына хабарлайды. Адам ресурстары басқармасына ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсыну және қызметтік тергеу жүргізу кезінде қорытындылар ұсыну бойынша жәрдем көрсету. Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетілуін бақылайды. Бекітілген кестеге сәйкес камералдық бақылау рәсімдерінің уақтылы және сапалы іске асырылуын жүзеге асырады. Жалған шот-фактураларды жазып беру, кәсіпорындарды қатысы жоқ тұлғаларға тіркеу және қайта тіркеу фактілерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді, өз құзыреті шегінде көлеңкелі экономиканы азайту, салық төлеуден жалтару схемаларын анықтау және қолдануға қарсы іс-шаралар жүргізеді. Құзыреті бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің пилоттық жобаларын іске асыруды жүзеге асырады.»

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.11.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.11.2023 – 09.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қостанай қ. Майлин қ .2

Анықтама алу үшін байланыс

87142536844