ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша МКД Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты үш жасқа толғанға дейінгі демалысы мерзіміне 23.12.2023ж. дейін)

Мемлекеттік орган

Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

С-R-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Салық төлеушілердің жеке шоттарына талдау мен өңдеу жүргізілгеннен кейін төлем құжаттарының уақытылы таратылуын қамтамасыз етуге жауапкершілік алады, қате төлем құжаттарын анықтау, жеке шоттарға таратуды дұрыс жүргізу немесе салық төлеушіге төлемнің дұрыс есептелмегені туралы хат жолдайды, сондай-ақ салық төлеушінің тіркелген орны бойынша салық басқармасына қайтарымдар бойынша жұмыс атқаратын қызметкерлер тобына қызметтік жазба дайындайды.Салық төлеушілердің жеке шоттарына төлемдер таратуды жүргізеді, өткен жылдардағы төлемдерді қолмен енгізуді жүзеге асырады.Салық төлеушілердің (салық агентінің) өтініші негізінде Қазынашылық арқылы белгіленген тәртіппен артық (қате) төленген ауыстырулар мен қайтаруларды жүргізеді. Салық кодексінің 39-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес бекітілген бюджеттік жүктеу коды бойынша өсімпұл мен айыппұлды өтеуді жүргізеді. Салық заңнамалары мен ҚР БАСЖ (ИНИС РК) әкімшілендіруді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға және енгізуге қатысады.

Салық төлеушілердің сұраулары мен хаттарына уақытылы жауап қайтарады. Салық төлеушілер туралы құпияны қатаң сақтайды.ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі нормаларын сақтайды. Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым  «А» функционалдық блогына жатады. Грейд 4.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.09.2023 – 25.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

28.09.2023

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 93/95, Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 123 кабинетінде өтеді

Анықтама алу үшін байланыс

8(727) 267- 15 -40