Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық мониторинг басқармасы №3 камералдық мониторинг бөлімінің басшысы.

Мемлекеттік орган

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Жамбыл облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.

Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару; нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Тиісті лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда: сәйкесті мамандығы бойынша меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі.

Жеке компьютерде MS Word, MS Excel бағдарламалары бойынша, Интернетпен, Интранет-порталмен, және электрондық почтамен жұмыс істей  алу.

Функционалды міндеттер

А-Блогы. Бөлім жұмыстарына басшылықты және ұйымдастыруды жүзеге асырады. Бөлімге жүктелген міндеттемелі жұмыстарды ұйымдастырады және сапалы орындайды. 101202 төлем көзінен алынбайтын жеке табыс салығының орындалуын және болжам сомасының көрсеткіштеріне бақылау  жүргізеді. Уәкілетті органнан (Әділет басқармасы) кәсіпкерлермен салық төлеушілер туралы мүліктік табыстары  алынған мәліметтерді әкімшіліктердіру іс-шара жұмыстарды ұйымдастырады. Арнаулы салық тәртібі (патент, оңайлатылған декларация, жалпыға бірдей тәртіп) негізінде кәсіпкерлікпен айналысатын жеке кәсіпкерлерге камералдық бақылауды ХШР БДҚ АЖ арқылы айырмашылықтарын сапалы өңдеу жұмыстарға бақылауды үйлестіреді. Мүліктік табыс алған салық төлеушілерге камералдық бақылауды ХШР БДҚ АЖ арқылы айырмашылықтарын сапалы өңдеу жұмыстарды үйлестіреді.  Бюджетке қосымша қорларды іздестіру үшін, облыс аумағындағы базарлар,баспана жайларды жалға беретіндер,жолаушыларды тасмалдаумен айналысатындар,оңлайн БКМ қолданатын салық төлеушілер, жеке кәсіпкерлердің табыстары, «БТ 3 тұлғалар» арқылы пилоттық жобаға қатысты кәсіпкерлерден салық төлеушілерден түсетін нақты табыстарға сапалы бақылау жұмыстарды үйлестіреді.Салық төлеушілер,  жеке кәсіпкерлерге камералдық бақылау жүргізіп, орындалмаған хабарламаларға қатысты, нақты және сапалы бақылау жұмыстарды жүргізу (ШОТ, СЗА арқылы өндірістік әкімшіліктендіру үшін, іздестіру іс-шаралары, салықтық тексеру жүргізуге аудит басқармасына құжаттарды жолдау). Бөлімге бекітілген бюджеттік сыныптаманың кодтары (КБК) бойынша түсімдерді толық қамтамасыз ету үшін және де бөлім қызметкерлердің атқарылатын жұмыстарына жалпы  бақылау жүргізуге үйлестіреді. ҚР ҚМ-нің, ҚР ҚМ МКК-нің, Департамент басшысының тапсырмаларын, сонымен қатар құқық қорғау органдарымен басқа да мемлекеттік органдарымен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін  уақытылы және сапалы орындалу жұмыстарды үйлестіреді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.12.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.12.2022 – 06.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

08.12.2022

Сұхбаттасу орны

г.Тараз, Улица Толе би 36

Анықтама алу үшін байланыс

8(7262)45-28-64