«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрық жобасы

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрық жобасы

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру шеңберінде әзірленді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобада Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің:

- 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы»;

- 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы»;

- 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына түзетулер көзделген.

Негізгі түзетулер:

- әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы түріндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібін реттеу;

- «толық бітіріп берілетін құрылыс» бойынша конкурс қорытындыларына әсер ететін бағалық емес өлшемшарттарды жетілдіру;

- мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін кеңейту.

 

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаның мақсаты мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

6

НҚА жобасы қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, НҚА жобасы қабылдаған жағдайда әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар тудырмайды.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15891643