«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы.

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

     «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы.

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Осы жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

      Жобаның мақсаты «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізуге байланысты мемлекеттік қызметті тоқтата тұру тәртібі бөлігінде ережелермен толықтыру жолымен бұйрықты өзектендіру.  

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

     Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

2026 жылғы 31 шілдеге дейін https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15874087

Қызмет бағыты