«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына және оларды алушыларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз релизі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына және оларды алушыларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасын әзірледі.
Бұл жоба қолданыстағы заңнаманың нормаларын ескере отырып өзектендіру мақсатында әзірленді.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына http://legalacts.egov.kz 2026 жылғы 17 сәуірде орналастырылған.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі 2026 жылғы 12 мамыр дейін.