«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы

 

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

     «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы.

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға (бар болса) сілтеме жасай отырып)

      

Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі;

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

       «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жоба:

1) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне;

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

3) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. 

 

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «электрондық үкімет», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық жүйе», «ақпараттандыру саласындағы», «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым» деген сөздер тиісінше «цифрлық үкімет», «цифрлық жүйелер», «цифрлық жүйе», «цифрландыру саласындағы», «цифрлық инфрақұрылым» деген сөздермен ауыстыру бөлігінде түзетулер енгізуге байланысты нормативтік құқықтық актіні өзектендіру болып табылады. Сондай-ақ,  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 25-тармағына сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының атауының өзгеруі.

6

НҚА жобасын қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15814410

Қызмет бағыты