«2001 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

Қаржы министрлігінің ғимараты

1.

Жобаның атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«2001 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

2.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

3.

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына және 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді

4.

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратына «2001 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы» қаулы жобасын қарауына енгізу

5.

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

«2001 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы» қаулы жобасының мақсаты Хаттама жобасын мақұлдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан оған қол қоюға өкілеттік берілген уәкілетті тұлғаны айқындау болып табылады.

6.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдарларға, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге теріс салдарларға әкеп соқтырмайды

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15761274