«Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген қарыз алу және мемлекет кепілгерлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген қарыздар алудың, мемлекет кепілгерліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Жоба Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 137-бабы 8-тармақтарына, 140-бабтың 4 және 5-тармағына, 141-бабтың 5, 6, және 11-тармақтарына, 145-бабтың 5 және 8-тармақтарына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Осы Қағида мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген қарыз алу және мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібін айқындайды. |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Жобаның мақсаты мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген қарыз алу және мемлекеттік кепілдіктер беру қағидаларын бекіту болып табылады. |
|
6 |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. |