Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін айқындау туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ ПАРАҚШАСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін айқындау туралы» қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабын іске асыру үшін әзірленді.
Қаулы жобасының мақсаты республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін айқындау болып табылады.
Бұйрық жобасы 2025 жылдың 3 наурызында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15473892) орналастырылған.