Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларына Қазақстан Республикасының жаңартылған Бюджет кодексі шеңберінде қабылданатын Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бөлігінде баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларына

Қазақстан Республикасының жаңартылған Бюджет кодексі шеңберінде қабылданатын Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бөлігінде баспасөз релизі

 

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қабылданған Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын әзірледі:

  1. «Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15477644);
  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен жасалатын мәмілелердің тізбесін бекіту туралы (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15477690);
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын,
    сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15477759);
  4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларын бекіту туралы (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15477783).

Бұл жобалар оларды пайдалану активтерін есепке алу тәртібін белгілеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау және жыл сайынғы аудит жүргізу мақсатында әзірленді.

Сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен жасалатын мәмілелердің тізбесі бекітіледі.

Жобалар 2025 жылғы 6 наурыздағы http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталында орналастырылған.