«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) Мүлікті бағалау жөніндегі қызметтер көрсету секторы бойынша ырықтандыру жоспары шеңберінде және «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін қызметтер көрсету секторлары (кіші секторлары) тізбесіне өзгерістер енгізу туралы» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 19 Шешімін (бұдан әрі – ЖЕЭК №19 шешімі) іске асыру үшін әзірленді.

ЖЕЭК-тің № 19 шешіміне сәйкес мүлікті бағалау жөніндегі қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы (бұдан әрі – ҚБН) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттер үшін ЖЕЭК-тің 2021 жылғы
10 желтоқсандағы № 23 Шешімімен бекітілген ҚБН жұмыс істеу шеңберінде бағалау қызметін жүзеге асыру жағдайларына қойылатын ортақ тәсілдемелерге (бұдан әрі – Ортақ тәсілдер) сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына өзгерістер енгізілгеннен кейін 2025 жылғы
1 қаңтардан бастап қолданыста болады.

Заң жобасының мақсаты ҚБН-ның тосқауылсыз, алып қоюсыз, шектеусіз, қосымша талаптар мен шарттарсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Жалпы тәсілдер нормаларын имплементациялау болып табылады.

Осылайша, Заң жобасында:

- бағалаушыларды ЕАЭО-ның басқа елдерінің аумағында қызметтің басталғаны туралы хабардар ету;

- бағалаушылар палаталарының басқа елде бағалау жүргізуге ниетті бағалаушылар тізілімін жүргізу;

- ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің бағалаушысына қатысты өтініштерді (шағымдарды) қарау;

- ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында қызметті жүзеге асыру кезіндегі бағалаушылардың есептілігі көзделеді.

Сондай-ақ, Заң жобасында бағалау қызметін дамыту мәселелерін құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған өзгерістер көзделген.

- арнаулы білім берудің («бағалау» және (немесе) техникалық немесе экономикалық) біреуінің болуы бөлігінде кәсіптік қызметке рұқсат беру негіздері бойынша талаптар белгіленді;

- бағалаушылардың мүліктік жауапкершілігін сақтандыру регламенттелді;

- «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру кезеңін қайта қарау жүзеге асырылды.

Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: Ашық НҚА | НҚА (egov.kz) - https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15328892.

Осы Заң жобасын жария талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.

Қызмет бағыты