«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына (бұдан әрі – бұйрық жобасы) БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

   «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын іске асыру үшін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2014 жылғы
18 қыркүйектегі № 404 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы әзірленді.

   Жаңа бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) ашу бөлігінде республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары бойынша өзгерістер енгізілді.

   Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2024 жылғы 18 қарашада орналастырылды.

Қызмет бағыты