«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы
15 тамыздағы № 546 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру және жою жөніндегі сатып алынатын қызметтердің сапасын артыру, сондай-ақ қауіпті қалдықтардың санкцияланбаған үйінділерін құруға жол бермеу мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасының негізгі мақсаты мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады.

Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс
әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бұйрық жобасы 2024 жылғы 13 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15290710) орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы
27 қарашаға дейін.