«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы):

1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 3-бабының 35) тармақшасын, 1-тармағының 5) тармақшасын, 10-бабының 5-тармағын, 15-бабының 10 және 11-тармақтарын электрондық дүкен арқылы сатып алу тәсілі бөлігінде іске асыруға;

2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 8-бабының 1 және
13-тармақтарын әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің тізілімін қалыптастыру бөлігінде іске асыруға;

3) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 7-бабының 4-тармағын заңды тұлғалардың акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекетке тиесілігін нақтылау бөлігін іске асыру шеңберінде әзірленді.

Бұйрық жобасының негізгі мақсаты мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады.

Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс
әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бұйрық жобасы 2024 жылғы 12 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/admin/viewcard?id=15288220) орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 26 қарашаға дейін.