«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына (бұдан әрі – Жоба) баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді.

Бұл жоба Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 21-04/Б-1705 хаттамалық тапсырмасының 2-тармағын іске асыруға әзірленді, оған сәйкес Ұлттық экономика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен қаржы, ауыл шаруашылығы, әділет министрліктерімен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп (келісім бойынша) 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларына қағидалардың қолданылу кезеңін 2025 жылдың сәуір айына дейін ұзарту бөлігінде өзгерістер енгізсін.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2024 жылғы 29 қазанда орналастырылған.

Жобаны қоғамдық талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы 30 қазанға дейін.

Қызмет бағыты