«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасына баспасөз релизі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасын әзірлеген.
Бұл жоба:
1) Бюджет кодексін іске асыру үшін;
2) «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңды іске асыру үшін;
3) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңды іске асыру үшін;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысын іске асыру үшін;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 105 қаулысын іске асыру үшін әзірленген.
Бұл жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің http://legalacts.egov.kz интернет-порталында 2024 жылғы 22 қазанда орналастырылған.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы 6 қарашаға дейін.