«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасына Баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы  Қаржы министрі бұйрығының жобасына  Баспасөз хабарламасы

 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы)  2024 жылғы 1 шілдедегі № 107 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді алып тастау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – № 107 Заң) және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 792 Қаулысы (бұдан әрі – ҚРҮК № 792) іске асыруға әзірленді.

№ 107 заңмен және № 792 ҚРҮК-мен «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-бағалау қызметі туралы Заң) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бағалау қызметі саласындағы нормативтік заңға тәуелді актілерді әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыреті бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, сондай-ақ бағалау қызметі саласындағы реттеудің мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары ашылды

Осыған байланысты, бағалау қызметі туралы заңда Қаржы министрлігінің бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітуі бойынша егжей-тегжейлі нормалар алынып тасталды, өйткені оларды қабылдаудың жалпы нормасы көзделген.

Бұйрық жобасын іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Жоба 2024 жылғы 18 қазанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15242425) орналастырылған.

Қызмет бағыты