«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы»

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының (бұдан әрі – жоба) жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасын әзірлеген.

Бұл жоба:

1) 2024 жылғы 19 маусымдағы Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңес отырысы хаттамасының 3.2.5-тармағын іске асыру үшін, оған сәйкес Қаржы министрлігіне Әділет министрлігімен бірлесіп 2024 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде аусылға қарсы «AusylVac – Al» және «AusylVac – Oil» отандық ветеринариялық вакциналар сатып алуды көздейтін шығыстарды төлеу үшін аванс мөлшерін 70% - ға дейін ұлғайту бөлігінде бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2024 жылғы 13 тамыздағы № 08-1-04/1652 хатына сәйкес, төлем жүйелері қатысушыларының 2024 жылғы 11 қарашадан бастап ISO 20022 халықаралық стандартын пайдалануға уақтылы көшуін қамтамасыз ету үшін әзірленген.

Бұл жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің http://legalacts.egov.kz интернет-порталында 2024 жылғы 4 маусымда орналастырылған.

Жобаны қоғамдық талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы 24 қыркүйекке дейін.

Қызмет бағыты