«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерін кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1199 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерін кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1199 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» №633 бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасының мақсаты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» №633 бұйрығының 1.3.3; 2.2.3; 3.3; 4.2 тармақтарымен кеңсе керек-жарақтарының және басқа да шығыс материалдарының атауын, өлшем бірлігін, пайдалану мерзімін, санын және қолдану саласын өзгерту бөлігіне Жобаның мақсаттары болып табылады.

Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс
әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бұйрық жобасы 2024 жылғы 5 қыркүйекте ашық нормативтік
құқықтық актілердің интернет-порталында  (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15192229) орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 19 қыркүйекке дейін.