Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) алаңындағы мүлікті бағалау жөніндегі қызметтердің бірыңғай нарығы бойынша баспасөз релизі

Ырықтандыру жоспарына сәйкес мүлікті бағалау жөніндегі бірыңғай қызметтер нарығының (бұдан әрі – БҚН) жұмыс істеуі 2025 жылдың 1 қаңтарында басталады (Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) 2020 жылғы 11 қаңтардағы № 19 шешімі).
ЖЕЭК-тің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 23 шешімімен Бағалау қызметін жүзеге асыру шарттарына жалпы тәсілдер (бұдан әрі – Жалпы тәсілдер) бекітілді.
БҚН-ның уақтылы ашылуын қамтамасыз ету үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен ынтымақтастық жөніндегі халықаралық келісімді мемлекетішілік келісу жүргізілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына жалпы тәсілдер нормаларын имплементациялау жүзеге асырылуда.
Мәселен, бағалаушылар, бағалаушылар палаталары және бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган үшін кедергілерсіз, алып қоюсыз, шектеулерсіз, қосымша талаптар мен шарттарсыз мүлікті бағалау жөніндегі қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді көздейді, атап айтқанда:
- бағалаушылардың өз құзыретті органының бір тарапының бағалаушыларының кез келген басқа тарапқа қызметтің басталғаны туралы хабардар етуі (бағалау қызметін басқа елдердің аумақтарында жүзеге асыру ниеті туралы хабарлама ұсынуы);
- әрбір тараптың құзыретті органдарының кез келген басқа тарапта бағалау жүргізуге ниетті бағалаушылардың ашық тізілімін жүргізуі;
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің бағалаушысына қатысты бақылау функцияларын жүзеге асыру (реципиент елдің құзыретті органының өтініштерді (шағымдарды) қарауы).