«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі

«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс енгізіледі

 

«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1 бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленген.

Жобаның мақсаты «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы қызметінің түрлерін кеңейту болып табылады. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісілген «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы қызметінің жаңа түрі «қаржылық-экономикалық сауықтыру, құнын және инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында заңды тұлғалардан инвестициялық жобаларды, оның ішінде күйзеліске ұшыраған жобаларды сыйақы үшін басқаруға қабылдау» болып табылады.

Жобаны қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.