«Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Жобаның мақсаты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы  Жарлығының 1-тармағына сәйкес Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылған, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 5-тармағына сәйкес заңнамалық актілерге сілтеме жасау кезінде олардың тіркелген нөмірлерін, сондай-ақ қабылданған күндерін көрсету талап етілмейді деп көрсетілген.

Осыған байланысты, «Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы әзірленді.

Осы Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2024 жылғы 16 тамызда орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылдың 2-қыркүйегіне дейін.

Қызмет бағыты