«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы

«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 «Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

Бұйрық жобасының мақсаты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін айқындау болып табылады.

Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс
әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бұйрық жобасы 2024 жылғы 7 тамызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15161850) орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 21 тамызға дейін.