«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы
11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы
11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) мемлекеттік сатып алу заңнамасын жетілдіру шеңберінде әзірленген.

Бұйрық жобасының мақсаты жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау тәртібін қайта қарау болып табылады.

Бұйрық жобасын қабылдау және оны іске асыру теріс
әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бұйрық жобасы 2024 жылғы 8 тамызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15163004) орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 22 тамызға дейін.