«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы әзірленді

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) жаңа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 21) тармақшасын іске асыру шеңберінде әзірленген.

Бұйрық жобасының мақсаты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту болып табылады.

Бұйрық жобасын қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Қаулы жобасы 2024 жылғы 6 тамызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15160960) орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 20 тамызға дейін.