«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін, тәртібі мен көлемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы әзірленді

«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін, тәртібі мен көлемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін, тәртібі мен көлемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) жаңа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 7-тармағын іске асыру шеңберінде әзірленген.

Бұйрық жобасының мақсаты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін, тәртібі мен көлемдерін бекіту болып табылады.

Бұйрық жобасын қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Қаулы жобасы 2024 жылғы 2 тамызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15156604) орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 16 тамызға дейін.