«Цифрлық теңгені пайдалана отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға ақы төлеу тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы
|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрі көрсетіле отырып) |
«Цифрлық теңгені пайдалана отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға ақы төлеу тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы. |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі. |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу негіздері (тиісті НҚА-ға немесе тапсырмаға сілтеме көрсетіле отырып (бар болған жағдайда)) |
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 17-бабының 5-тармағына сәйкес және мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың төрағалығымен 2026 жылғы 10 ақпанда өткен «Елдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы» кеңес хаттамасының мемлекеттік сатып алуды цифрлық теңгені пайдалана отырып қаржыландыруға көшіру, ірі инвестициялық, инфрақұрылымдық жобаларды және басқа да бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ салалық ақпараттық жүйелердің дайындығын қамтамасыз ету және салалық әдіснамалық базаны бекіту арқылы бюджет қаражатын және квазимемлекеттік сектор қаражатын жұмсаудың ашықтығын арттыру жөніндегі шараларды көздейтін 1.8-тармағын орындау мақсатында. |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жоба тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын пайдалану кезінде есеп айырысуды, таңбалауды және олардың мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау тәртібін айқындайды. |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Жобаны іске асырудың мақсаты цифрлық теңгені пайдалана отырып, есеп айырысу тетігін енгізу арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының ашықтығын, қадағалануын және мақсатқа сай пайдаланылуын қамтамасыз ету болып табылады. |
|
6 |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда күтілетін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. |
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15889773