«Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы
№ 671 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуларды жетілдіру шеңберінде әзірленді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобада Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 «Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына түзетулер көзделген.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Негізгі түзетулер:

- «Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 589 бұйрығында көзделген шекті мәндерден асқан жағдайда, мұндай сатып алуларды мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушыларының деңгейіне – жергілікті атқарушы органның мемлекеттік сатып алу басқармасына беру болып табылады.

Ұсынылған түзетулерді мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

6

НҚА жобасы қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

«Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу, НҚА жобасы қабылдаған жағдайда әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар тудырмайды.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15872319