«Бағалаушылар палатасының және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 488 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Бағалаушылар палатасының және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат нысанын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2018 жылғы 26 сәуірдегі № 488 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасына  БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

 

«Бағалаушылар палатасының және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 488 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы

2

Әзірлеуші-мемлекеттік орган

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА-ға немесе тапсырмаға сілтемемен (бар болса))

 

Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 256-VIII Заңымен енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру мақсатында әзірленді

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелерін сипаттау

 

Жоба ипотекалық шарт жасасу кезінде, кепілге салынған мүлікті өткізу кезінде қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті бағалау туралы есептердің көшірмесін ұсыну талабын алып тастау жолымен «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 256-VIII Заңымен енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру мақсатында әзірленді

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

 

Жоба қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейді және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес бағалау туралы есептерді ұсынуға қойылатын талаптарды өзектендіру бағалау қызметін құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

 

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды

 

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15844165

Қызмет бағыты