«Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 шiлдедегi № 506 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы
|
1 |
НҚА жобасының атауы |
«Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 шiлдедегi № 506 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының Бірінші орынбасарының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 13-13/Б-2038 тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында. |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Бюджет кодексінің 144-1 бабының 6-тармағын іске асыру үшін, оған сәйкес жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша берілетін мемлекеттік кепілдіктер Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік қазынашылықта тіркелуге және есепке алуға жатады. |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Жобаның мақсаты: Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес келтіру болып табылады. Жобаның күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестікті қамтамасыз ету. |
|
6 |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарларға әкеп соқтырмайды. |