«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібімен әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 373 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 373 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасына

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба мыналарды іске асыру үшін әзірленді:

1)    Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 32-бабын;

2)    Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңының 22-бабының 7) тармақшасын.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Әкімшілік айыппұл төленбеген жағдайда, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес борышкерге қатысты мәжбүрлеп орындау шаралары қолданылады.

Әкімшілік айыппұлды төлемей Қазақстан Республикасынан шығып кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салу туралы шаралар қабылданады.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаның мақсаты – әкімшілік айыппұл төленбеген жағдайда борышкерге қатысты Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 32-бабына сәйкес мәжбүрлеп орындау шараларын түсіндіру.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңының 22-бабына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасына кіруіне тыйым салу туралы.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15728497