«Бірыңғай сатып алу платформасын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 627 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»

 «Бірыңғай сатып алу платформасын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 627 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрық жобасы

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15619957

«Бірыңғай сатып алу платформасын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 627 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрық жобасы

 

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

 «Бірыңғай сатып алу платформасын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 627 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрық жобасы

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2) тармақшасына және 22-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді.

 

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобада «Бірыңғай сатып алу платформасын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 627 бұйрығына түзетулер көзделген.

Негізгі түзетулер:

- техникалық іркіліс расталған жағдайда мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың іс-қимыл тәртібін реттеу;

- техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның, пайдаланушылардың, операторлардың және бірыңғай оператордың өзара іс-қимылын үйлестіру;

- веб-порталда жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізу тәртібін реттеу.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаны қабылдау мақсаты техникалық іркілістер туындаған кезде мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган, пайдаланушылар, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін электрондық сатып алу ақпараттық жүйелерінің операторлары мен мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін реттеу болып табылады.

6

НҚА жобасы қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Осы НҚА жобасы техникалық іркілістер туындаған жағдайда сатып алудың бірыңғай платформасының жұмыс тәртібін реттеуді көздейді, осыған байланысты теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдарлар жоқ.