«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына АСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
|
1. |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің |
|
2. |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
3. |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))
|
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.А. Дәдебайдың 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 25-61-3.5 бір айлық мерзімде отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу үшін жағдай жасау мақсатында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына түзетулер енгізуді қамтамасыз ету бөлігінде хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының Бірінші орынбасары А.С. Жәкеновтың 2025 жылғы 15 мамырдағы № 12-18/3389//25-61-3.5 Жедел топ отырысының 2025 жылғы 29 сәуірдегі |
|
4. |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жобада Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер көзделген.Негізгі түзетулер:- құрылыс-монтаж жұмыстарынан тауарларды жылдық жоспарды жасау кезінде олардың біртекті түрлері мен жеткізу орны бойынша бөлек лоттарға бөлу;- отандық тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілердің тізілімінде әлеуетті өнім берушінің болғаны үшін шартты жеңілдікті қолдану;- отандық тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілер тізіліміне енгізілген өнім беруші үшін тауарларды жеткізу, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету үшін ақы төлеу мерзімдерін қайта қарау;- отандық тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілердің тізіліміндегі өнім беруші үшін аванстық төлем сомасын ұлғайту. |
|
5. |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Жобаның мақсаты мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру болып табылады. |
|
6. |
НҚА жобасы қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Жоқ |