«Нысаналы аударымды пайдалану туралы есептілікті жасау қағидаларын, оның нысандары мен ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Нысаналы аударымды пайдалану туралы есептілікті жасау қағидаларын, оның нысандары мен ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Нысаналы аударымды пайдалану туралы есептілікті жасау қағидаларын, оның нысандары мен ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы.

2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 168-бабының 11-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Нысаналы аударымды пайдалану туралы есептілікті жасау қағидаларын, оның нысандары мен ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар органдар мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру үшін органдар мен олардың ұйымдарының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйымның, сондай-ақ халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының нысаналы аударымды пайдалану туралы есептілікті жасау және ұсыну тәртібін, оның нысандары мен ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымдарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындайды.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаның мақсаты нысаналы аударымды пайдалану туралы есептілікті жасау қағидаларын, оның нысандары мен ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бекіту болып табылады.

6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15524272