«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің _________ № _____ бұйрығының жобасы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің _________ № _____ бұйрығының жобасы

 

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы»

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы.

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2-бабының 4-тармағына сәйкес «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды.

Бұл ретте, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде оны іске асыру үшін қабылданған төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тануға жатады.

Осыған байланысты, күші жойылған «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының да күші жойылды деп танылуы қажет.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану

 

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Бұйрықтың мақсаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2-бабының 4-тармағына сәйкес күші жойылған «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін  әзірленген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану табылады.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

Қызмет бағыты