«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Мемлекет басшысының 2024 жылғы 7 ақпандағы тапсырмасын іске асыру шеңберінде. |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жобада Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 9 қазаңдағы № 687 бұйрығына түзетулер көзделген. Негізгі түзетулер: «Толық бітіріп берілген құрылыс бойынша конкурс» тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың егжей-тегжейлі тәртібімен толықтыру, оның ішінде: - Әлеуетті өнім берушінің «Толық бітіріп берілетін құрылыс» шарты бойынша жұмыстарды орындауға келісемін (міндеттемелерін) әзірлеу; - «Толық бітіріп берілетін құрылыс» бойынша мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын әзірлеу |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | «Толық бітіріп берілетін құрылыс бойынша конкурс» тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін реттеу болып табылады. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, НҚА жобасы қабылдаған жағдайда әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар тудырмайды. |
Қызмет бағыты