2025 жылдан бастап ЕАЭО-да мүлікті бағалау жөніндегі бірыңғай қызмет нарығына көшу шеңберінде бағалау қызметін жетілдіру туралы баспасөз-релизі

Парламент Сенатында депутаттардың, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, бағалаушылар палаталары, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Онда, отырыс барысында Еуразиялық экономикалық кеңес шеңберінде мүлікті бағалау жөніндегі бірыңғай қызмет нарығын ашу нормалары, сондай-ақ заңнаманы жетілдіруге бағытталған құқық қолдану тәжірибесіне сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін нормаларды егжей-тегжейлі көрсету және оңтайландыру бөлігінде басқа да түзетулер талқыланды.
Бүгінгі күні Министрлік «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) әзірледі.
Заң жобасын Министрлік ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізген.
Жақын арада Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына ұсынылатын болады.