«Бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына (бұдан әрі – Жоба) баспасөз релизі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен «Бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді.
Бұл жоба Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 113-бабының 9-тармағын іске асыру үшін әзірленді, оған сәйкес мемлекеттік қазынашылық бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2025 жылғы 16 наурызда орналастырылған.
Жобаны қоғамдық талқылауды өткізу мерзімі 2025 жылғы 3 сәуірге дейін.