«Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі уәкілетті органдардың және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі уәкілетті органдардың және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы жаңа Бюджет кодексінің 52-бабының 7-тармағын және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағын іске асыру үшін әзірленді.
Осы бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) 2025 жылғы 14 наурызда орналастырылды.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2025 жылғы 3 сәуірге дейін.