«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Қаулы жобасы) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 186-бабына сәйкес әзірленді.
Осы Қаулы жобасы «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамын «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесін, сондай-ақ «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы сүйемелдейтін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің басқа да ақпараттық жүйелерін дамытуға және жаңғыртуға қаражат бағыттау үшін 2024-2026 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакеті бойынша дивидендтер төлеуден босату бөлігінде толықтыру енгізуді көздейді.
Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында (https://legalacts.egov.kz) – 2025 жылғы 28 қаңтарда орналыстырылды.