Әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысанына қандай өзгерістер енгізілді?

№

Қысқа жауап

Толық жауап

НҚА сілтеме

Кілт сөздер

Мысалдар мен жағдаяттарды пайдалану

1

Әкімшілік айыппұл уақтылы төленбеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп орындату шаралары қолданылады.

Түбіртек нысаны Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңының
22-бабына сәйкес әкімшілік айыппұлды төлемеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін Қазақстан Республикасына кіруге шектеу қою түріндегі ескерту сипатындағы хабарлама бөлімімен толықтырылды.

http://adilet.zan.kz/rus/docs/P080000899_

http://adilet.zan.kz/rus/docs/U950002337_

әкімшілік айыппұл, айыппұл төлеу, борышкер, мәжбүрлеп орындату, атқарушылық іс жүргізу, шетелдіктер, Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салу, #әкімшілікайыппұл #айыппұл #атқарушылықісжүргізу

Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған шетел азаматы
15 АЕК мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Әкімшілік айыппұл салынғаннан кейін шетел азаматы заңда белгіленген мерзімде айыппұлды төлеместен, тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасынан басқа мемлекетке кетіп қалды. Мұндай жағдайда осы шетел азаматына Қазақстан Республикасына кіруге шектеу қою түріндегі шара қабылданатын болады.

Жарияланған күні

22 маусым 2026

Жаңарту күні

31 тамыз 2026