Әдеп және жауапкершілік: Көксу ауданында Қазынашылық және Мемлекеттік кірістер қызметкерлерімен кездесу өтті

Әдеп және жауапкершілік: Көксу ауданында Қазынашылық және Мемлекеттік кірістер қызметкерлерімен кездесу өтті

 

2025 жылдың 14 қазанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі К.Б.Арыстанбекова және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ақбаев Т.Т. Жетісу облысы бойынша Қазынашылық департаменті Көксу аудандық қазынашылық басқармасының және Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Көксу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мемлекеттік қызметкерлерімен бірлескен кездесу өткізді. 

Спикерлер мемлекеттік қызметшілерге адал, әділ болуды және жалпыға ортақ моральдық-әдептілік нормаларын сақтауды міндеттейтін Әдеп кодексінің нормаларын қатаң ұстану қажеттілігіне тоқталды.

Мемлекеттік қызметшілердің беделі мен қызметтік қызметіне теріс әсер ететін әлеуметтік тәуекел болып табылатын лудоманияның алдын алу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар, іс-шара аясында ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі Департамент қызметкерлерінің жұмыс кабинеттерін аралап, олармен тікелей сұхбат жүргізіп, жұмыс барысымен танысты.

Жарияланған күні

22 қазан 2025

Жаңарту күні

30 маусым 2026

Жарияланымның авторы