Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізілімі

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті        

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Құқықтық құжаттардың және ішкі құжаттардың қайшылығы.

ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті төрағасының 2014 жылғы 11 ақпандағы №18-ҚБПҮ бұйрығымен бекітілген ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшелерінде ведомстволық дистанциялық бақылау жүргізу нұсқаулығына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

хат

 

мамыр

2

Бюджет қаражатымен айла-шарғы.

 

Мемлекеттік мекемелер деңгейінде «Қазынашылық-Клиент» АЖ-да ФЛБ (форматты-логикалық бақылау) орнату бойынша ұсыныстар әзірлеу.

 

хат

 

маусым

3

Бюджетті атқарған кезде растау құжаттарының болмауы.

 

Салықтық, кедендік және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан алынған өтінімдердің бар болуына бақылау орнату және өтінімдердің нысанын бекіту бөлігінде ҚР ҚМ 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

хат

 

маусым

4

Құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық қолдау талаптарынсыз шарттарды тіркеу мүмкіндігі.

 

Жобаның сметалық құнын көрсету бөлігінде «Электрондық мемлекеттік сатып алу» АБАЖ функционалын пысықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу, нәтижесінде құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық қолдау нормаларын қолданбай, шарттарды тіркеуге мүмкіндік болмайды.

хат

 

маусым

5

Мемлекеттік сатып алу бойынша қазынашылық органдарының қызметкерлері және әлеуетті өнім берушілер арасында қатынастардың орнатылуы.     

 

Әлеуетті өнім берушілердің тәжірибесін растау бөлімінде қазынашылық органдарының жауапты орындаушыларының аты-жөнін жасыру бөлігінде «Электрондық мемлекеттік сатып алу» АБАЖ функционалын пысықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу.

хат

 

маусым

 



Жарияланған күні

22 тамыз 2024

Жаңарту күні

22 тамыз 2024

Жарияланымның авторы