2026 жылға мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері шығарылымының жоспарын бекіту туралы
2026 жылға мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері шығарылымының жоспарын бекіту туралы
|
2026 жылға мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері шығарылымының жоспарын бекіту туралы |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 473 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу қағидаларының 19-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған 2026 жылға мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері шығарылымының жоспары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Қ.К. Орынханов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Министр М. Такиев
352
Жарияланған күні
09 қаңтар 2026 11:06
Жаңарту күні
09 қаңтар 2026
Түрі
Жарияланды
Бағыттар