2025 жылы Апелляциялық комиссия 100 отырыс өткізді, онда камералдық бақылау шеңберінде хабарламаларға мемлекеттік аудит объектілерінің 621 қарсылығы және ІМАК/ІМАД аудиторлық есептеріне 139 қарсылық (жиынтығында 760) қаралды.
Камералдық бақылау шеңберінде хабарламаларға 621 қарсылықты қарау қорытындысы бойынша Апелляциялық комиссия мынадай шешімдер қабылдады:
- қанағаттандырудан бас тартылды – 382;
- қанағаттандырылды – 213;
- ішінара қанағаттандырылды – 26.
Аудиторлық есептерге 139 қарсылықты қарау қорытындысы бойынша Апелляциялық комиссия мынадай шешім қабылдады:
- қанағаттандырудан бас тартылды – 53;
- қанағаттандырылды – 7;
- ішінара қанағаттандырылды – 39;
- қараудан бас тартылғаны- 33;
- қайтарып алынған-5;
- жауап берілгені-2.