Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жоба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

 

 Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

  

1-бап. Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-бап; № 19, 145-бап; 2012 ж., № 3, 26-бап; № 5, 41-бап; № 8, 64-бап; 2013 ж.,   № 7, 34, 36-баптар; № 14, 75-бап; 2014 ж., № 7, 37-бап; № 8, 49-бап; № 14, 84-бап; № 16, 90-бап; №21, 122 бап, №23, 143-бап; 2015 ж., №20-I, 111-бап; №21-III, 135-бап, №22-II, 148-бап; №22-III,149-бап; №22-V, 154-бап; 2016ж., №7-I, 50-бап; №24, 123-бап; 2017ж., №14, 50-бап, №16, 56-бап; 2018 ж., №16, 56 бап; №24, 93 бап; 2019 ж.,№21-22, 91 бап; № 24 -ІІ, 120 бап;  2020 ж.№13, 67 баптарға 2020 жылғы 6 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қазандағы №365-VI  Қазақстан Республикасының Заңына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

 22-1-бабының 1 тармағының бірінші бөлігі келесі мазмұнда                                     3) тармақшасымен  толықтырылсын:

«3) жоғарғы басшы құрамы:

3-санатты жоғары біліктілік сыныбында – болу мерзімі белгіленбейді»;

22-1-бабының 2 тармағының бірінші бөлігі келесі мазмұнда                                     3) тармақшасымен  толықтырылсын:

«3) жоғарғы басшы құрамы:

3-санатты жоғары біліктілік сыныбы «генерал - майор», «3-сыныпты мемлекеттік кеңесші»;

22-1 бабаның 5 тармағы алынып тасталсын.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Президенті

 

Жарияланған күні

11 қараша 2020 00:00

Жаңарту күні

11 қараша 2020